Танымал қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Танымал қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың (20-1, 15 КО) Детройттағы кеште жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол коста-рикалық Энкарнасион Диаспен (18-4, 11 КО) кездесіп, екінші раундта жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 27 сәуірде Алматыда «IBA чемпиондар түні» аясында өткізді. Ахмедов екінші раундта венесуэлалық Карлос Ривероны (26-4-1, 15 КО) нокаутқа түсірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или