Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегін жариялады

Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегін жариялады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиман (3-0, 2 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Көптен күткен жекпе-жек! Бұны көп күткендеріңізді білемін! Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рақмет.

Жекпе-жегім бірінші маусымда "ADD Аренада" (Алматыда) өтеді. Басталуы 17:00. Барлығыңызды күтемін мені қолдауға келесіздер деп үміттенем! – деп жазды Мұздиман.

Айта кетейік, Мұздиман кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Алматыда өткізді, онда мысырлық боксшы Мариам Габриді техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или