Батыр Жүкембаев мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді

Батыр Жүкембаев мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жүкембаев украиналық Иван Редкачпен (24-6-1, 19 КО) кездесті. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Жүкембаев бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой мансабындағы 23-жеңісіне қол жеткізді. Ал Иван Редкач мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или