Токарева мен Жангелдина дзюдодан әлем біріншілігін аяқтады
Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Әбу-Дабидегі әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) сынаға түсті.
Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді.
Ал Токарева болса, бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунодоға есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады. Біздің команда қоржынында Абиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола медаль ғана бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или