русский язык
Теннис

«Ролан Гаррос» іріктеуіндегі қазақстандықтар саны бойынша рекорд тіркелді

«Ролан Гаррос» іріктеуіндегі қазақстандықтар саны бойынша рекорд тіркелді
news-banner7
mobile-news-top

Парижде теннистен Франция ашық чемпионаты іріктеуінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге рекордтық көлемде қазақстандық қатыспақ: Михаил Кукушкин, Денис Евсеев пен Дмитрий Попко. Михаил бұрын да Париждегі додада сынға түскен, ал Попко іріктеулерге қатысқанымен, негізгі кезеңіне шығып көрмеді. Евсеев болса, турнирде дебютін өткізеді. Бейбіт Жұқаев бірден жеңіліп, іріктеудің жартылай финалына шыға алмады.

20 мамырда алғашқы матчтан болады. Михаил Кукушкин (134 АТР) швейцариялық Леандро Ридимен (148 АТР), Денис Евсеев (177 АТР) болгариялық Адриан Андреевпен (237 АТР) күш сынасады, ал Дмитрий Попко (223 АТР) француз Валентин Роемен (200 АТР) кездеседі.

«Ролан Гаррос» негізгі кезеңі 25 мамыр мен 8 маусым арасында өтеді. Жекелей сынның негізгі кезеңінде қазақстандықтардан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик пен Александр Шевченко бар. Анна Данилина мен Александр Недовесов жұптық сында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;