Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында 4 қазақстандық теннисші ойнайды

Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында 4 қазақстандық теннисші ойнайды
«Үлкен дулыға» додасы – Франция ашық  чемпионатының іріктеу турнирінде ерлер арасында 4 қазақстандық теннисші бақ сынайды. 

Дүйсенбі күні басталатын іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев дүниежүзілік рейтингіде 167-орында тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен шеберлік байқасады.

Рейтингіде 177-орындағы Денис Евсеев әлемнің 237-ракеткасы, болгариялық Адриан Андреевпен кездеседі. 

Әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко бастапқы бәсекесінде рейтингіде өзінен жеті саты төмен тұрған франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингіде 148-орындағы швейцариялық Леандро Ридимен кортқа шығады.

Іріктеу сайыстары 24 мамырда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или