Дзюдодан жастар құрамасын салтанатты түрде қарсы алды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін Астана халықаралық әуежайында дзюдо күресінің жанкүйерлері мен БАҚ өкілдері әлем бірнішілігіне қатысып келген жастар құрамасын салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды «PROCПОРТ». </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге салайық, жарыс қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шәмшәдин әлем чемпионы атанды, ал 100 келіге дейінгі салмақта Никита Азаров жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, 73 келіде Дидар Хамза мен қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Әйгерім Әбілқадырова бесінші орынға тұрақтады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Жастар құрамасы үшін бұл сәтті жарыс болды. Себебі жалпы медаль қоры бойынша құрама 6 орын алды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или