Кертис Стивенс тағы бір боксшыны «жерлеп тастады» (ФОТО)

Америкалық кәсіпқой боксшы Кертис Стивенс екі жыл бұрын Геннадий Головкинді «жерлегеніндей» британиялық Крис Юбенкті де мазақ етуді бастады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

2014 жылдың желтоқсан айында өткізген соңғы жекпе-жегінде франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамнан жеңілген Стивенс ендігі жерде кімге соқтығарын білмей жүрген сыңайлы.

Өткен аптаның соңында америкалық Тони Джетерді (20-5-1, 14 КО) нокаутпен жеңген Крис Юбенк кезекті жекпе-жегін осы жылдың 12 желтоқсанында ирландиялық Спайк О’Салливанға қарсы өткізеді.

Кертис Стивенс британиялыққа осал қарсыластар таңдай бермей, мықты боксшылармен шығатын уақыт жетті деп, оған тісін қайрап жүр. Тіпті, Юбенктің ашуын туғызу үшін оның «жерленген» суретін поштамен жіберіпті.

«Нағыз жекпе-жекті көрсететін мықты боксшымен жолыққың келе ме? Ендеше, мен мұндамын», - дейді Стивенс.

Естеріңізге саламыз, Кертис Стивенс 2013 жылдың қарашасында отандасымыз Геннадий Головкинмен кездесіп, 8-раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Ал жекпе-жек өтерден бірнеше ай бұрын ол қазақстандық боксшыны «жерлеп», ғаламторда жариялаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или