Үстел теннисінен олимпиадаға іріктеу: Қазақстандық теннисшілердің нәтижесі

Үстел теннисінен олимпиадаға іріктеу: Қазақстандық теннисшілердің нәтижесі

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан үстел теннисінен Орталық-Азия аймақтық іріктеу сынында қазақстандықтар жеті матч өткізді.

Бірінші жарыс күнінде Кирилл Герасименко Түркменстан және Қырғызстан спортшыларын 4:0 есебімен жеңіп, топтан шықты. 

Анастасия Лаврова өзбекстандық Мархабо Магдиеваның 4:0 есебімен жеңіп, ирандық Неда Шахсавариге 1:4 есебімен жол берді. 

Сарвиноз Миркадирова ирандық спортшыны ұтқанымен,  Өзбекстан өкіліне 3:4 есебімен есе жіберді. 

Ал Алан Құрманғалиев болса, тәжірибелі ирандық Нима Аламианнан 3:4 есебімен ұтылды. 

Турнирде тек жеңімпаздар ғана Олимпиада жолдамасына иелік етеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или