Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирдің финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Оэйрастағы (Португалия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші швециялық Элиас Имерден 5-7, 2-6 есебімен жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Евсеев турнирдің ширек финалдық кездесуінде жерлесі Бейбіт Жұқаевты 6:4, 2:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или