Владимир Кличко: «Головкинке тең қарсылас жоқ»

Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық боксшы Владимир Кличко 24.kz арнасына берген сұхбатында Геннадий Головкинке тең келетін қарсылас жоқ екендігін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Менің ойымша, Головкиннің Альварес я болмаса Мигель Коттомен жұдырықтасуы өте тартысты өтуші еді. Пакьяо арасындағы жекпе-жекті де көруге болады. Бұл дивизионда, жалпы осы салмақта Геннадийге тең келетін қарсылас жоқ. Бүгінде оған бәсеке жасай алатын боксшыны көріп тұрған жоқпын. Бізді бір-бірімізбен байланыстыратын ортақ нәрсе – ол екеуіміздің де Қазақстанда туғанымыз. Сондықтан мен Геннадийдің тек қана еуропалық емес, сондай-ақ өте қиын америкалық нарықта та өзін көрсете білгеніне қуаныштымын, - дейді украиналық былғары қолғап шебері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или