Сәкен Бибосынов «Елорда кубогының» финалына шықты
Бүгін Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» турнирінің жартылай финалында кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда қазақстандық боксшы Жапония өкілі Соуши Макиномен кездесті. 51 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Бибосыновтың сенімді жеңісімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Сәкен Бибосынов әлем чемпионы (2021) және 2020 жылы Токиода өткен Олимпиаданың қола жүлдегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или