Денис Евсеев Португалияда Бейбіт Жұқаевты жеңіп, жартылай финалға өтті

Денис Евсеев Португалияда Бейбіт Жұқаевты жеңіп, жартылай финалға өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 177-ракеткасы Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 

Евсеев ширек финалда отандасы, әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаевпен жолы түйісті. Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Бейбіт есе қайырды – 6:2.

Шешуші, үшінші сетте Евсеев сәтті ойнады – 6:3. Екі сағатқа созылған матчта Жұқаев 7 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Евсеев 3 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 200-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен таласады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или