Англия астанасында қазақ күресінен турнир өтеді

Шетелдегі қазақ студенттерінің арасында тұңғыш рет Лондон қаласында қазақ күресінен «Болашақ Барысы» турнирі өтеді.

Бұл туралы «Қазақстан барысының» Facebook желісіндегі ресми парақшасы хабарлап отыр.

Еуропаның төрінде ұлттық құндылығымызды дәріптейтін турнир «Brunel University London» спорт кешенінде өтеді. Дода 1 қарашаға жоспарланған. Аталмыш жарыс Қазақ xандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырып отыр.

Айта кетейік, 4 қараша күні Орал қаласында қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас барыс» атты IV республикалық турнир өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или