Энди Ли: «Маған Головкиннің белбеулері ұнайды»

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Энди Ли қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Маған Головкинде бар белбеулер ұнайды. Бәрі әдемі. Титулың болған қолайлы, себебі сен шешуші орында боласың. Маған оның белбеуі керек, бірақ ол да менікін алуға қарсы емес.

Мен онымен әуесқой деңгейде жұдырықтастым. Ол кезде 18 жастағы жігітпін, оның әлем чемпионы екенін де білмедім. Сол кезде ауыр жекпе-жек болып еді. Бірақ уақыт өзгерді. Сол кездесуден бері 14 жыл өтті, қазір екеуіміз де кемелдендік. Головкин – мықты боксшы, ол өз қарсыластарының бәрін де жұдырықтың астына алды. Бірақ ол әлі де менің тұлғама, бойыма және күшіме сәйкес келетін адаммен кездескен жоқ. Мен де одан қаттырақ ұрмасам, жәй ұрмаймын. Сондықтан көре жатармыз... Мен секілді екпінді боксшымен кездескенде не боларын көрерміз», - деді Ли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или