ТОП-7. Спорттағы сылқымдар

«PROСПОРТ» тілшісі еліміздегі ең сұлу спортшы қыздарымыздың тізімін жасақтады.

7 – орын. Эльмира Айғалиева

Спорт түрі: Суда жүзу

Жасы: 23

Туған жері: Тараз қаласы

Суда жүзуден бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы атанған Эльмира Айғалиева болашақтан үлкен үміт күттіретін спортшылардың қатарында болған. Тараз қаласының тумасы Азия біріншілігінде бірнеше рет топ жарған. Бірақ осыдан бір жыл бұрын Эльмира допингте ұсталған. Қазіргі таңда спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылып, өз уақытын отбасымен бірге өткізуде. Эльмира үлкен спортқа тек келесі жылы ғана қайта орала алады.

6 – орын. Назым Қызайбай

Спорт түрі: Бокс

Жасы: 22

Туған жері: Алматы облысы, Жетіген ауылы

Назым бокстан әйелдер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы. Сондай-ақ ол бірнеше дүркін ел чемпионы және 2012 жылы өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Келер жылы РИО-дағы Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан медаль алуға үмітті бірден-бір қазақ боксшысы. Назым бокстан тыс сурет салу мен футбол ойнағанды ұнатады екен. Жалпы мұндай сұлу қыздың бокспен айналысып, онда жеңіске жетуі біз үшін үлкен мақтаныш әрі қуаныш.

5 – орын. Жансая Әбдімәлік

Спорт түрі: Шахмат

Жасы: 15

Туған жері: Алматы қаласы

Жансая 14-ақ жасында «Гройссместер» атағына ие болған тума талант! Ол кішкентайынан бастап үлкен жарыстарда топ жара бастады. Ал биыл Ресейде өткен жастар арасындағы Әлем біріншілігінде үшінші орын алды. Былтыр ФИДЕ Жансаяны Азиядағы ең үздік жас шахматшы жүлдесімен марапаттаған болатын. Жансаяның ендігі мақсаты – әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атану.

4 – орын. Сана Анарқұлова

Спорт түрі: Волейбол

Жасы: 26

Туған жері: Орынбор қаласы

Волейболдан Қазақстан құрамасы мен «Алматы» волейбол клубының ойыншысы Сана Анарқұлова осыдан екі жыл бұрын шымкенттік «Динамо-Қазығұрт» командасының ойыншысы Медет Анарқұловқа тұрмысқа шығып, өзінің тегін Жарлығасовадан Анарқұловқа ауыстырды. Сана Қазақстан құрамасы сапында 2010 жылғы Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Қазірде Сана Ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының бірі.

3 – орын. Анна Алябьева

Спорт түрі: Көркем гимнастика

Жасы: 22

Туған жері: Шымкент қаласы

Анна көркем гимнастикамен бес жасынан айналаса бастады. Бұл спорт түріне оны әкесі Розмат Әлібеков әкелген болатын. Аннаның үлкен спорттағы ең басты жетістігі – бұл 2010 жылы өткен Азия ойындарының алтын жүлдесі. Сондай-ақ, Алябьева 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Артынша, Анна үлкен спортты тастап саясатқа жол бұрған болатын. Қазіргі таңда Анна өзінің ана тілін меңгеріп, болашақта саясаткер болғысы келетінін айтты.

2 – орын. Сәбина Алтынбекова

Спорт түрі: Волейбол

Жасы: 19

Туған жері: Ақтөбе қаласы

Әлемді волейболдағы жетістігімен емес, өзінің бойы мен көркемдігіне тәнті еткен Сәбина қазіргі таңда Жапонияда өнер көрсетіп жүр. Отандасымыз жергілікті командамен бір жылдық келісімшартқа отырды. Бұған дейін ол «Алматы» волейбол клубында ойнаған болатын. Жалпы Сәбина азиялық жанкүйерлердің арқасында жұртшылыққа тез танылды.

1 – орын. Зарина Дияс

Спорт түрі: Теннис

Жасы: 22

Туған жері: Алматы қаласы

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс соңғы үш жылда үлкен нәтиже көрсетіп, әлемнің ең үздік 50 теннисшінің қатарына кірді. Қазірдің өзінде Зарина - еліміздегі ең мықты теннисші. Биыл аса жолы болмаған Диястың келесі маусымға қойған мақсаты жоғары. 22 жастағы спортшы қызымыз келесі жылы РИО-да өтетін Олимпиада ойындарына ілініп, онда өз еліне жүлделі орынмен оралатынын айтты. Заринаның бұл мақсаты жүзеге асады деген үміттеміз.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или