Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN ақпараты бойынша, Жәнібек Әлімханұлы келесі кездесуін 13 шілдеде Лас-Вегастағы бокс кешінде өткізеді. Турнир Palm Casino Resort аренасында өтеді.

Әлімханұлының қарсыласы – IBF белбеуіне міндетті үміткер, жаңазеландиялық Андрей Михайлович болады. Кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі аясында өтеді.

Андрей Михайлович жалпы 21 жеңіске жеткен, 13 жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды. Михайлович сәуірдегі кейінгі жекпе-жегінде Эдисон Сальтаринмен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді. Боксшы отанынан немесе Аустралиядан тыс жерде өнер көрсетіп көрмеген.

Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы 15 қазанда өткізді. Ол кезде қазақстандық боксшы германиялық Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін біріктірген болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или