Флойд Мейвезер келер жылы тағы бір жекпе-жек өткізбекші

Кәсіпқой бокспен қош айтысқан америкалық Флойд Мейвезер келер жылдың мамырында рингке қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ ақпарат құралдары мәлім етті.

2016 жылдың 9 сәуірінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жаңа MGM AEG арена ашылады. Арена ашылған күні Мейвезер өз кәсіби карьерасындағы соңғы жекпе-жегін өткізеді. Сонымен, 38 жастағы чемпион рингке оралып жатса, бұл оның 50-кездесуі болмақ. Мейвезер бұған дейінгі барлық жекпе-жегінде жеңіске жеткен.

Естеріңізге саламыз, Мейвезер 13 қыркүйек күні Лас-Вегаста 49-жекпе-жегін өз отандасы Андре Бертоға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осыдан кейін ол кәсіпқой бокспен қош айтысатынын мәлімдеген болатын.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или