Ұлттық құрама Олимпиада алдындағы соңғы жарысқа қатысады

Ұлттық құрама Олимпиада алдындағы соңғы жарысқа қатысады

Бокстан Қазақстан құрамасы Астанада өтетін "Елорда кубогіне" дайындалып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz

Дәстүрлі халықаралық турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді. Аталған сында ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары түгел қатысады деп күтілуде. 

Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов шәкірттері Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 

Айта кетелік, бокстан Қазақстан құрамасы жеті салмақтың алтауында Олимпиада жолдамасын еншіледі. 63,5 келі салмақтағы Париж квотасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или