Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына шықты

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 182-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Гуанчжоу (Қытай) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-сатыдағы қытайлық Ригел Темен кортқа шықты.

Бірінші партияда Бейбіт 7:5 есебімен Тені қапы қалдырды. Екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Жұқаев 12 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Те 6 эйс, 1 брейктен аса алмады. 

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 119-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтоннан өтуге тырысып көреді. 

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 172-орынға көтеріліп тұр. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или