Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің басында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Грузияның Лопота қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы ресейлік Дарья Құдашовамен бірге, америкалық-австралиялық Кэтрин Харрисон – Элисия Болтон дуэтімен ойнап, екі сетте жалпы 4:6, 1:6 есебімен жеңілді. Бұл кездесу Грузиядағы турнирдің 1/8 финалында өтті.
Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде жұптық сайыста 926-шы орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или