Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды

Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды

Ұлыбритания астанасы Лондонда Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпартқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, іріктеу кезеңіне өту үшін қазақстандықтар Астанада Оңтүстік Корея командасымен ойнайды.

Матч биылғы 15-16 немесе 17-18 қараша күндері өтеді.

Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. 

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Жапонияға жол беріп, командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или