Қазақстанның үздік теннисшісі Мадридтегі турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстанның үздік теннисшісі Мадридтегі турнирдің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан турнирдің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/8 финалында қазақстандық теннисші ресейлік Даниил Медведевтен 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 43 минутқа созылды.

Мадридтегі «Мастерс» 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтіп жатыр. Турнирдің қазіргі чемпионы - испаниялық теннисші Карлос Алькарас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или