Астанадағы АЧ: қазақстандық боксшы өзбек спортшысын жеңді
Қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында өзбекстандық спортшымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
75 келіге дейінгі жекпе-жекте қазақстандық спортшы өзбекстандық Джафарбек Шахбазовпен кездесіп, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Еске салайық, 2022 жылы наурызда Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында Санжарәлі Бегалиев 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, Астанадағы Азия чемпионаты 7 мамырда аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или