русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирді сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Грузияның Лопота қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жекелей сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы жергілікті теннисші Анамария Курцикашвилиге қарсы ойнап, екі сетте 6:0, 6:4 есебімен ірі жеңіске жетті.

Бұл кездесу Грузиядағы турнирдің 1/16 финалында өтті.

Аружанның келесі қарсыласы ресейлік теннисшілер Кира Павлова мен Евгения Бурдина арасындағы кездесуде анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;