Григорий Ломакин Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды

Григорий Ломакин Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкент ITF  турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Павел Вербинмен бірге төрт кездесуін сәтті өткізді.

Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар С.Д.Праджвал Дев - Сай Картик Реддимен бас жүлдені сарапқа салды.

Г.Ломакин - П.Вербин тартысты матчта 7:6 (11:9), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или