Головкиннің келесі қарсыласы кім болады

2015 жыл қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин үшін сәтті өтуде. Жерлесіміз биыл үш кездесуін де сенімді ұтып, IBF чемпиондық белбеуін тақты. Алайда Головкинді ауыр жекпе-жектер 2016 жылы күтіп тұр. «PROСПОРТ» тілшісі Генаныңпотенционалды қарсыластарымен таныстырмақ.

1. Питер Куиллин

Америкалық Питер Куиллиннің кәсіпқой бокстағы көрсеткіші жаман емес – 32 жеңіс, 1 тең жекпе-жек. Питер соңғы кездесуінде Энди Лимен тең түсіп, жеңістер сериясына тоқтау қойған болатын. Америкалық былғары қолғап шебері туралы Головкиннің бапкері Абель Санчес былай деп пікірін айтқан болатын: «Стиль бойынша Куиллин ғана Головкинге қиындық тудыруы мүмкін. Алайда олардың жекпе-жек өткізуі екіталай. Бәрі Куилиннің өзіне байланысты». Питер биыл Даниэл Джекбосқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жекте Куиллин жеңіске жетіп жатса, WBA чемпионы атанады. Сол кезде 32 жастағы америкалық пен Головкиннің жұдырықтасуы мүмкін.

2. Андре Уорд

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, келер жылы Головкин дәл осы боксшымен қолғап түйістіруі ықтимал. 2004 жылғы Олимпиада чемпионының кәсіпқой бокста жүргеніне он жылдан асқан. Бүгінде өзі өткізген 28 кездесудің бәрін де жеңіспен аяқтапты. Оның 15-ін нокаутпен. Уорд екі жылдық үзілістен кейін биыл ғана рингке қайта оралған болатын. Америкалық 31 жастағы боксшы екінші орта салмақта өнер көрсетеді. Егер Головкин салмағын өзгертіп жатса, ең алғаш болып осы Уордпен жұдырықтасуы әбден мүмкін. Оның үстіне, бұл жекпе-жек үлкен касса жинайтыны анық.

3. Туреано Джонсон

Кәсіпқой бокста жүргеніне бес жылдай ғана болған 31 жастағы Туреано Джонсон 19 кездесуде жеңіске жетіп, оның 13-інде жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Тағы бір кездесуде нокаутпен ұтылып қалыпты. Багама аралдарының өкілі өзіне өте сенімді. Туреано қаңтар айында Головкинді өзінің ғана жеңе алатынын мәлім еткен болатын: «Геннадий Головкинді сыйлаймын. Оның жеңісі көп, жеңілісі жоқ. Өз қарсыластарының көбін нокаутқа жіберді. Оны жеңе алатын менен басқа боксшы бар деп ойламаймын». Жақында ғана Джонсон британиялық Эймен О’Кейнді жеңгеннен кейін Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін тағы да айтқан болатын. Джонсон мен Головкин арасындағы кездесу бокссүйер қауым арасында үлкен қызығушылықты туғыза қоймас, бірақ мамандар бұл жекпе-жектің болуын жоққа шығармайды. Оның үстіне, Абель Санчес багамалық боксшы туралы былай деген еді: «Туреаноның рейтингісі жоғары. Онымен келісімге келе алсақ, келесі кездесуіміз Джонсонмен болады».

4. Энди Ли/Билли Джо Сондерс

Ирландиялық Энди Ли мен британиялық Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек үстіміздегі жылы желтоқсан айында өтеді. Осы кездесудің жеңімпазы келер жылы Головкинге қарсылас болуы мүмкін. Әрине, аталмыш жекпе-жекте ирландиялық боксшының мүмкіндігі көбірек. 31 жастағы Ли рингке 37 рет шығып, оның 34-інде жеңіске жеткен. Брайан Вера мен кіші Хулио Сезар Чавестен жеңіліп қалса, Питер Куилленмен тең түскен.

Головкинге қарсылас атануы мүмкін ең жас боксшылардың бірі – Сондерс. 26 жастағы британиялық өзі өткізген 22 кездесудің бәрінде де жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаупен аяқтаған. Орта салмақтағы WBA International, EBU, BBBofC және Британиялық Достастықтың чемпионы. Энди Лиге қарсы кездесуде аутсайдер саналғанымен, бұл жекпе-жекте ирландиялыққа тосын-сый жасауы мүмкін. Сондықтан Биллиді Головкиннің болашақ қарсыластары тізімінен сызып тастауға болмайды.

5. Сауль «Канело» Альварес/Мигель Котто

Мексикалық Сауль Альварес пен пуэрто-риколық Мигель Котто қараша айында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл кездесудің фавориті – Альварес. Жасының 25-те болғанына қарамастан, «Канелоның» кәсіпқой рингте жүргеніне 10 жыл болған. Осы уақыт арасында 47 жекпе-жек өткізіп, 45-інде (32-сі нокаутпен) жеңіске жеткен. Бір кездесуде тең түсіп, тағы біреуінде ұтылып қалған. WBC тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы. 2013 жылы атақты Флойд Мейуэзермен кездесіп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған. Сол кездесуден соң әлем чемпионы атағынан айырылды. Енді Сауль Коттоға қарсы кездесуде сол атақты қайтарып алмақ. Альварес жақында ғана Головкин 155 фунтқа дейін салмақ дәрежесіне түссе, қазақстандықпен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан. 2016 жылы Альварес пен Головкин кездесіп жатса, «жыл жекпе-жегі» болатыны анық.

34 жастағы ардагер боксшы Мигель Коттоның «зейнетке» кетер шағы жақындап келеді. Сауль Альваресті жеңіп, WBC белбеуін сақтап қалса, Мигель келер жылы Головкинмен қолғап түйістіруге тиіс. Бокс мамандарының айтуынша, пуэрториколық былғары қолғап шебері Головкинмен кездессе, ауыр нокаутпен ұтылады. Рас, Котто Остин Траут және кіші Флойд Мейуэзер секілді мықты боксшыларға қарсы кездесуде 12 раунд шыдап берген болатын, Мэнни Пакьяоның өзі Мигельді 12-ші раундта әрең жеңген. Сондықтан, Мигель Котто алдағы айда чемпиондық атағын сақтап қалуы әбден мүмкін. Артынша, Геннадий Головкинге де лайықты қарсылық көрсетуі ғажап емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или