Бокс

Сергей Липинецтің келесі жекпе-жегі өтетін күні мен орны белгілі болды

Сергей Липинецтің келесі жекпе-жегі өтетін күні мен орны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы бұрынғы әлем чемпионы, жеңіл салмақтағы (63,5 келіге дейін) Сергей Липинец (17-3-1, 13 КО) келесі жекпе-жегін 9 мамырда Плант-Ситиде (АҚШ) британиялық кіші Робби Дэивиске қарсы өткізеді. (23-4, 15 КО), деп хабарлайды Prosports.kz.

Липинец пен Дэвис кештің басты жекпе-жегінде кездеседі. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, 25 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өткен бокс кешінде Липинец Мичель Риверден төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Бір кездері Липинец Ресей атынан рингке шыққан. Бірақ 2022 жылы Қазақстанның атынан шыға бастады. Сергей Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында дүниеге келген, өзін таза қазақпын деп санайды.

2017-2018 жылдары IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер