Анна Данилина Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады

Анна Данилина Португалиядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ойраеште (Португалия) ITF турнирінің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нидерланды теннисшісі Бибиана Схоофспен бірге Данилина румыниялық Ирина Барэ – Кристина-Андреа Миту жұбын екі сетте 6:2, 6:2 жалпы есебімен жеңді.

Кездесу 54 минутқа созылды.

Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, Анна қазір жұптық сайыста әлемнің 56-ракеткасы, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік нәтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или