Теннис

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Саваннадағы (АҚШ) Челленджер турнирінің жекелей сынында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Попко америкалық Этан Куиннмен (248-орын) кездесіп, оны үш сетте – 6:4, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 32 минутқа созылды.

Дмитрийдің келесі қарсыласы Денис Кудла (АҚШ, 192-орын) - Гийс Брувер (Нидерланды, 252-орын) кездесуінің жеңімпазы болады.

Айта кетейік, Челленджер турнирінің жүлде қоры 82 000 доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер