Рыбакинаның Мадридтегі алғашқы қарсыласы анықталды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Мадридтегі (Испания) Мастерс турниріндегі алғашқы қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина екінші айналымда турнирдің басында Франция өкілі Варвара Грачеваны (91-орын) 6:3, 6:3 есебімен сенімді ұтқан итальяндық Лусия Бронзеттимен (46-орын) кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Мадридтегі турнир алдында Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) Porsche Tennis Grand Prix турнирінде топ жарды. Қазақстанның үздік теннисшісі үшін бұл биылғы маусымдағы үшінші жүлде: ол бұған дейін Брисбен (Австралия) мен Абу-Дабидегі (БАӘ) турнирлерде жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или