Оскар Де Ла Хойя: «Головкин мен Альварес міндетті түрде жұдырықтасады»

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жектің міндетті түрде өтетінін мәлім етті.

«Канело Мигель Коттомен жұдырықтасады, оның әлем чемпионы титулын иемденгісі келеді. Ол орта емес, бірінші орта салмақтың боксшысы. Сонымен қатар, Сауль болашақтағы жекпе-жектері туралы сөз қозғағанды ұнатпайтын адам. Коттомен жекпе-жектен кейін басқалар туралы сөйлесуге болады. Головкинге келетін болсақ, бұл кездесу міндетті түрде болады, - деді Де Ла Хойя. - Альварес Головкинмен кездесуге дайын. Тек ол үшін қазақстандық 155 фунтқа түсу керек».

Естеріңізге сала кетейік, Альварес мен Котто жекпе-жегі 21 қарашада өтеді. Бұл жекпе-жекте WBC белбеуі сарапқа салынбақ. Олардың жекпе-жегі аралық салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетерлік жайт, Геннадий Головкин мен бапкерлері келесі кездесуін 2016 жылдың ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр. Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы отандасымызбен жұдырықтасуы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или