Единоборства

Елсияр Қанағатов қазақ дзюдошылары Олимпиадаға қалай таңдалатынын айтты

Елсияр Қанағатов қазақ дзюдошылары Олимпиадаға қалай таңдалатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штаб басшысы Елсияр Қанағатов қазақ дзюдошылары Олимпиадаға қалай таңдалатынын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Франция астанасы Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындарына еліміздің атынан қатысатын дзюдошылар анықталатын күн де алыс емес. Қазіргі таңда әлемнің әр түкпірінде олимпиадалық рейтингілік турнирлер өтіп жатыр. Олардың қатарында қазақстандық татами шеберлері де бар. Олимпиадаға баратын дзюдошылар осы рейтиннг арқылы анықталады. Нақтырақ айтсақ, әр салмақтан олимпиадалық рейтингте алдыңғы 17-орынға көтерілген дзюдошылар бара алады. Қазіргі таңда бұл көрсеткішке ұпайлары жетіп тұрған ерлер арасында да, әйелдер арасында да спортшыларымыз бар. Сондықтан дзюдодан да кемі 6-7 жолдама аламыз деп ойлаймын. Қазір ешкімнің атын атап, түсін түстеудің қажеті жоқ. Себебі, олимпиадалық рейтниг әр жарыс сайын өзгеріп отырады. Ең бастысы спортшыларымыз сол бәсекелерде үздік өнер көрсете білулері керек», - деді Елсияр Қанағатов.

Сонымен қатар штаб басшысы қазақ дзюдошыларын алда тағы да бір қатар маңызды жарыстар күтіп тұрғанын, онда Олимпиадаға ұпайлары берілетінін де атап өтті.

«Біздің дзюдошыларға әлі де көптеген мүмкіндіктер бар. Алдағы күндері, яғни 3-5 мамыр аралығында Душанбеде, «Үлкен дулыға» турнирі, 10-12 мамыр аралығында елордамызда «Қазақстан барысы», Үлкен дулыға додасы, 19-24 мамыр аралығында Абу-Дабиде әлем чемпионаты өтеді. Сондықтан дзюдошыларымызға әлі де олимпиадалық ұпайларын жақсартуға үлкен мүмкіндіктері бар», - деді шытаб басшысы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер