Теннис

Әмір Омарханов Мадрид Masters турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды

Әмір Омарханов Мадрид Masters турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды
news-banner7
mobile-news-top

16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Мадрид Masters турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық теннисші атанды.

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Амир Омарханов іріктеу сайысында өзінен 20 жас үлкен, әлемнің 86-ракеткасы, Испания өкілі Роберто Баутиста-Агутпен шеберлік байқасты.

Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 13-орында тұрған қазақстандық жас теннисші бірінші партияда 2:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы тәжірибесі мен шеберлігінің басым екенін көрсетті - 6:2. Ол екінші сетті де 6:1 есебімен ұтты.

Омарханов азулы қарсыласына есе жібергенімен, Masters жарысындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер