Бокс

Тұрсынбай Құлахметтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды

Тұрсынбай Құлахметтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (6-1, 4 КО) 26 сәуірде кәсіби жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Ол Хьютон қаласында (Англия) бокс кеші аясында өнер көрсетеді. BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Құлахметтің қарсыласы 40 жастағы поляк Роберт Таларек (28-24-3, 19 КО) болмақ. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.

Тұрсынбай Құлахмет үшін бұл оның 2023 жылдың желтоқсанынан бергі кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Роберт Таларекке келсек, оның алдыңғы жекпе-жегі қаңтарда Германияда өтіп, екінші раундта жергілікті боксшы Артур Райсқа (12-1, 9 КО) нокаутпен ұтылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер