Единоборства

Әсет Серікбаев: Нұрғаожа Қайпановтың күші көп, оған психологиялық дайындық жетіспейді

Әсет Серікбаев: Нұрғаожа Қайпановтың күші көп, оған психологиялық дайындық жетіспейді
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Әсет Серікбаев лицензиялық турнирге қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаттықтырушының айтуынша, жолдама алған екі балуан лайықты өнер көрсеткен.

"Қазір Олимпиадаға жолдама алу да оңай емес. Сондықтан, екі балуанның да аяқ алысы ұнады. Әлішер Ерғали мен Юсуф Батырмұрзаев өз міндеттерін жақсы орындап шықты.

65 келідегі Маис Алиев жас болса да, соңына дейін беріспеді. Қайсарлығына тәнті болдым. Ал Нұрғожа Қайпанов сияқты әлем чемпионатының жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы атанған балуанның бұлай күрескені ұят.

Меніңше, Қайпановқа психологиялық тұрғыдан дайындық керек сияқты. Ал күші мен техникасы жоғары деңгейде", - деді Серікбаев.

Айта кетелік, еркін күрестен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының үш жолдамасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер