Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирде жеңілді
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Грузиннің Лопота қаласында өтіп жатқан Хардкорт ITF турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшы ресейлік теннисші Дарья Кудашовамен бірге ресейлік Кира Павлов – Аглая Феоров дуэтіне қарсы ойнап, үш сетте 7:6, 2:6, 1:10 жалпы есебімен жеңілді. Бұл кездесу Грузия турнирінің 1/8 финалында өтіп, бір сағат 34 минутқа созылды.
Айта кетейік, кеше 19 жастағы қазақстандық теннисші де беларусьтік Эвелина Ласкевичтен жеңіліп, жекелей сында турнирдің екінші айналымына өте алмай қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или