Теннис

Новак Джокович – Laureus нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы

Новак Джокович – Laureus нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы
news-banner7
mobile-news-top

Laureus World Sports Awards нұсқасы бойынша теннисші Новак Джокович 2023 жылдың үздік спортшысы атанды. Марапаттау рәсімі Испания астанасы Мадрид қаласында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үлкен дулығаның 24 дүркін чемпионы Джокович үшін бұл марапат оның мансабындағы бесінші жүлдесі. Ол бұған дейін оны 2012, 2015, 2016 және 2019 жылдары жеңімпаз атанған болатын.

Бұл марапатқа Новак Джоковичден бөлек, Лионель Месси (футбол), Макс Ферстаппен (Формула-1), Мондо Дюплантис (жеңіл атлетика), Эрлинг Холанд (футбол) және Ноа Лайлс (жеңіл атлетика) үміткер ретінде тіркелген еді.

2023 жылы Лауреус сыйлығын Лионель Месси, 2022 жылы Макс Верстаппен, 2021 жылы Рафаэль Надаль жеңіп алған болатын. Ал бұл сыйлықты көп алған спортшы – Роджер Федерер (4 рет).

Еске сала кетейік, 2023 жылы Laureus сыйлығына үміткерлердің қатарында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да болды. Ол «Жыл серпілісі» аталымында бақ сынады. Отандастарымыздың өкінішіне қарай, бұл аталым испандық теннисші Карлос Алькарасқа бұйырған еді. Десе де, Рыбакина Қазақстан спортының тарихында бұл жүлдеге үміткер болған тұңғыш қазақстандық ретінде тіркелді.

Laureus World Sports Awards – жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшыларды ынталандыратын марапат. Жүлде 1999 жылдан бері табысталып келеді.

Жеңімпазды таңдау екі кезеңнен тұрады. Алғашқыда 80-ге жуық елдің үздік спорт редакторлары, жазушылар мен комментаторлардан тұратын іріктеу комиссиясы дауыс беріп, 6 санат бойынша үздіктерді іріктейді. Дауыс беру барысын «PricewaterhouseCoopers» ЖШС тәуелсіз аудиторлары бақылайды. Кейін Laureus World Sports Academy мүшелері жасырын дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер