Единоборства

"Руым – Әлім": қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады

"Руым – Әлім": қазақ қызы Өзбекстан құрамасына тарихи Олимпиада жолдамасын сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиада ойындарының Азия аймақтық іріктеу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Өбекстан ұлттық құрамасы әйелдер арасында тұңғыш рет Олимпиада ойындарының жолдамасын иеленді. Көршілес ел үшін тарихи лицензияны қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева (50 кг) жеңіп алды.

Балуан қыз Qazsport телеарнасының журналисіне берген сұхбатында ұлты қазақ екенін айтып, руын да жасырмады.

«Қазақ боламын. Руым – Әлім. Өзбекстанда туғанмын. Күреспен шұғылданып келе жатқаныма 10 жыл болды», – деді Ақтеңге Кеунимжаева.


Айта кетейік, Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының 3-күні Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер