Теннис

Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Штутгарттағы(Германия) WTA турнирінің жеңісімен құттықтады.

"Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен беделді теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!", - делінген Ақорданың ресми аккаунтында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Ал жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жарыс жолынан шығарды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер