Единоборства

Грек-рим балуандары лицензиялық турнирді сәтті бастады

Грек-рим балуандары лицензиялық турнирді сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим шеберлері жарысты сәтті бастады.

Атап айтсақ, 60 келідегі Айдос Сұлтанғали алғашқы айналымда Ирак балуаны Албидханды 9:0 есебімен ұтса, 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан Мейіржан Шермағанбет алғашқы айналымда түрікменстандық Ровшен Атдаевты мерзімінен бұрын, 10:1 есебімен жеңді.

Аса ауыр салмақта (130 келі) Азия чемпионы Әлімхан Сыздықов ширек финалда Түркіменстан спортшысы Айбекшазада Курраевты 9:0 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер