Айдос Сұлтанғали Бішкектегі іріктеу турнирінің жартылай финалында сынға түседі

Айдос Сұлтанғали Бішкектегі іріктеу турнирінің жартылай финалында сынға түседі

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Айдос Сұлтанғали Бішкектегі Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келі салмақта белдесетін баулан ширек финалда тәжікстандық Асламжон Азизовті 2:1 есебімен жеңді. 

Осылайша, Айдос Сұлтанғали командаластары Мейіржан Шермаханбет (67 келі) пен Әлімхан Сыздықовтың (130 келі) ізін ала, жартылай финал жолдамасын алды. 

Енді олар кешкі сессияда Париж лицензиясына таласады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или