Теннис

Елена Рыбакина Штутгартта әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты

Елена Рыбакина Штутгартта әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің финалына шықты.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның үшеуінде Рыбакина жеңген еді.

Бұл жолы бастапқыда Швентек 2:0 есебімен алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын өздеріне аудара алды – 6:3.

Екінші сетті Ига брейкпен тәмамдады – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған сәтте Елена брейк жасап, ізінше өз геймін алды – 4:2.

Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер