Теннис

Қазақстандық теннисшілер Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисшілер Шымкент турнирінің жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова – Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шымкент ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық жұп финалға барар жолда үш кездесуін жеңіспен аяқтады.

Соның ішінде ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, ресейлік Ксения Ласкутова – қазақстандық Аружан Сағындықованы тартысты бәсекеде қапы қалдырды – 6:2, 3:6, 10:5.

А.Арыстанбекова – С.Кенжебаева финалда Италия өкілі Ирене Лавино – жапониялық Хайне Огатамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық дуэт басты матчта қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер