Зарина Дияс: «Келесі маусымға қойған мақсатым - Олимпиадаға ілініп, онда медаль алу»

Зарина Дияс: «Келесі маусымға қойған мақсатым - Олимпиадаға ілініп, онда медаль алу»

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс today.kz сайтына берген сұхбатында биылғы маусымды қорытындылап, келер жылға қойған мақсаты жайлы айтып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Әрине, биылғы маусым мен үшін жеңіл болмады. Жақсы кездесулерім әрі сәтсіз өткізген матчтарым да болды. Жалпы, биылғы маусымдағы өнеріме көңілім толды. Мария Шарапованы ұтуға жақын болдым, сондай-ақ Сабин Лисицкиді 6:0, 6:0 есебімен жеңдім. Менің командам өте тамаша. Бапкерім Алан Момен жұмысымды ара қарай да жалғастырамын. Жаңа маусымға дайындықты келесі айда, Қытай елінде бастаймын.

Келер жылға қойған мақсатым - Олимпиада ойындарына ілініп, онда медаль алу. Сол мақсатқа жету үшін бар күшімді саламын. Маған қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Рахмет сіздерге!, - деді Зарина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или