Единоборства

Қазақстандық еркін күрес балуаны Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Қазақстандық еркін күрес балуаны Олимпиадаға лицензия жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен іріктеу турнирі аясында еркін күрес балуандары жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан өкілі Жүсіп Батырмырзаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салды. 125 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде қазақстандық бахрейндік Шамиль Шариповты 7:3 есебімен ұтты.

Осылайша, Жүсіп 2024 жылғы ойындарға жолдама иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, лицензияларды жарыстың финалына шыққан спортшылар алады.

Турнир 21 сәуірге дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер