Елена Рыбакина Германиядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің жартылай финалына шығу үшін италиялық спортшы Ясмин Паолинимен (WTA рейтингінде 14-орын) күш сынасты.
Бірінші сетте Рыбакина оңай жеңіске жеткенімен, екінші сетте қарсыласы басым түсті. Шешуші сетте Елена мінез танытып, кездесуде 6-3, 7-5, 6-3 есебімен жеңісті жұлып әкетті.
Еске сала кетейік, турнирдің екінші айналымында Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметованы 7:6, 1:6, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или