Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына лицензия ала алмады
Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен іріктеу турнир басталды, финалға шыққан әрбір қатысушы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға жолдама алады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің жартылай финалында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов өнер көрсетті. 74 келі салмақ дәрежесіндегі белдесуде қазақстандық спортшы ирандық Йонес Эмамишогаямен кездесті.
Қайпанов қарсыласынан 0:11 есебімен жеңіліп, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алу мүмкіндігінен айырылды.
Бүгін тағы екі қазақстандық спортшы лицензияны сарапқа салады: Әлішер Ерғали (97 келі) мен Юсуп Батырмырзаев (125 келі).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или