Единоборства

«Дайындығым жетпей қалды»: Ерасыл Мұхтарұлы қандай қателік жібергенін айтты

«Дайындығым жетпей қалды»: Ерасыл Мұхтарұлы қандай қателік жібергенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіліс тапқан Ерасыл Мұхтарұлы кездесуден соң шағын сұхбат беріп, қандай қателік кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Психологиялық тұрғыдан жинала алмай қалдым. Дайындығым да жетпей қалған сияқты. Өйткені, салмақ қудым.

Ал қарсыласым физикалық жағынан мықты екен. Оны жақсы танимын, бірақ бұрын күресіп көрмегенмін», - дейді Ерасыл.

Айта кетелік, Ерасыл Мұхтарұлы 57 келі салмақта сынға түсті.

Одан бөлек, 65 келідегі Маис Әлиев ширек финалда қытайлық балуанға есе жіберді.

Ал Нұрғожа Қайпанов (74 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) жартылай финалда сынға түседі.

Фото: UWW

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер