Единоборства

«Асығыстық салдарынан ұтылдым»: Маис Алиев лицензиялық турнирдегі жеңілісін түсіндірді

«Асығыстық салдарынан ұтылдым»: Маис Алиев лицензиялық турнирдегі жеңілісін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық балуан Маис Алиев ширек финалда жеңіліс тапты. Еркін күрес шебері бұл белдесуде қандай қателік жібергенін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

65 келі салмақта сынға түске Алиев 1/4 айналымда қытайлық Шао Юаньға есе жіберген болатын. Тартысты белдесуде 16:15 есебімен Қытай спортшысы жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Қазақстандық балуан өзінің тым асығып кеткенін жеңіліске басты себеп деп атады.

«Шамам жеткенше күрестім, барымды салдым. Бұйырмады. Енді әрі қарай дайындаламыз. Күшім жетті. Тек қатты асығып кеттім. Өйткені, қарсыласым айтарлықтай мықты емес. Ұтуға болатын еді. Тіпті, айқын басымдықпен жеңетін жерім еді. Қате өзімнен кетті. Төрешілердің соңғы ұпайына қатысты ештеңе айтпаймын. Ешбір сұрақ болмау үшін таза жеңуім керек еді», - деді Алиев.

Айта кетелік, UWW Маис Алиев пен Шао Юань арасындағы белдесуді бүгінгі күннің үздік кездесуі деп таныды.

Фото: UWW

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер